Есет Байкен мен Берік Жәкенов астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Есет Байкен мен Берік Жәкенов астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Асхат Оралов пен Асқар Амриннің басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің орынбасарлары тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімімен меритократия қағидаты бойынша әкімнің орынбасарлары болып Сарыарқа ауданының бұрынғы әкімі Есет Байкен және Есіл ауданының бұрынғы әкімі Берік Жәкенов тағайындалды", - делінген хабарламада.
Есет Байкен еңбек жолын астананың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман қызметінен бастаған. Әр жылдары астана әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, астана әкімі аппаратының бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2016-2019 жылдары Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының сарапшысы, ПӘ Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. 2020 жылдан бастап Сарыарқа ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
Берік Жәкенов еңбек жолын 2000 жылы Көкшетау қаласының Салық полициясы органдарындағы қызметінен бастаған. 2002-2007 жылдары Теміртау бойынша Салық комитетінің жетекші және бас маманы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ әр жылдары Қарағанды облысының әкімдігінде, Қаржы министрлігінде қызмет атқарған.
2015 жылы Президент әкімшілігі басшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды, 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтандағы Есіл ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы жүйелі дамыту жөніндегі орынбасарлардың алдына бірқатар міндет қойды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!