11 қараша 2020 17:14

"Ешқандай саяси астары жоқ". Назарбаев Қордайдағы қақтығыс туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордайда болған қақтығыстың ешқандай саяси астары жоқ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қордайда болған қақтығыстың ешқандай саяси астары жоқ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бәрімізге сабақ болған Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қайғылы оқиғаны еске алайық. Бізге Ассамблеяда адамдармен қазақ және орыс тілдерінде сөйлесе алатын, мемлекеттік саясатты түсіндіре алатын адамдар керек, ал жергілікті кеңестер мен қоғамдық келісім кеңестері мықты жұмыс істеуі керек, жергілікті жерлердегі проблеманы білуі керек", - деді Елбасы.

Елбасы жергілікті кеңестер мен әкімдіктердің бірлескен жұмысы түрлі этностық топтардан анағұрлым тиімді болуы керегін еске салды.

Назарбаев әзербайжан-армян соғысы неден басталғанын еске алды

"Қазақстанда ондайлар көп емес, яғни бірдеңе жасағысы келетіндер немесе ұрысқысы келетіндер көп емес. Бірақ біз оларды білуіміз керек. Әкімдіктермен, кеңестермен, құқық қорғау органдарымен, Ассамблеямен бірлесіп, барлығын біліп жүруіміз керек.

Яғни профилактикалық әңгімелер жүргізілуі тиіс. Бір жағдай реттелмей жатса, көмек көрсетіп, биліктегілерге айтып, қоғамдық тәртіпті нығайту керек. Сондықтан мұның ешқандай саяси астары жоқ", - деді Елбасы.

Қордайдағы қақтығыс кезінде Қырғызстанға 23 мың адам өтіп кеткен

Айта кетейік, биыл 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты, 25 қылмыстық іс қозғалды.

Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттары мен атыс қаруын қолданған болатын. Қақтығыс салдарынан 10 адам қаза тапқан еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети