"Ешқандай зауытым жоқ" - Сапарбаев жиектастар туралы

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиектас шығаратын зауыт туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиектас шығаратын зауыт туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бердібек Машбекұлы, сіз Жамбыл облысына келгеннен бастап жиектастар алмастырыла басталды. Сіздің жиектас шығаратын зауытыңыз бар ма?" - деді журналистер ОКҚ онлайн-брифингте.

"Бұл сұрақ маған 15 жылдан бері қойылып келе жатқан шығар. Шығыс Қазақстаннан басталып, Жамбыл облысында жалғасып жатыр. Біріншіден, ШҚО-да кезінде менің ешқандай зауытым жоқ екенін айттым. Зауытым болса, әкім болып жұмыс істемейтін шығармын. Жол төселгенде жиектас бар ма, жоқ па - қарау керек. Бұл - бір. Екіншіден, жиектастардың сапасы қандай болып тұрғанын қарау керек. Содан кейін шешім шығарылады. Жол салғанда міндетті түрде жиектас қою керек", - деді аймақ басшысы.

Реклама
Реклама

Ол Таразда сапасы жақсы жиектестардың алмастырылғанан атап өтті.

"Біз оларды осы үшін жазаладық. Себебі жақсы жиектастарды қайта пайдалануға болады. Тағы да айтқым келеді: тексеріп көріңіздер. Менің ешқандай зауытым жоқ. Алматыда Сапарбаевтың зауыты бар, Сапарбаев жиектастарды әдейі ауыстырады деп жазды. Бекітілген норма бар, сол нормаға сәйкес жиектастар алмастырылады", - деді Сапарбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама