“Ешкім бұзған жоқ“: 16 миллион қазақстандықтың деректері қалай тараған?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Ешкім бұзған жоқ“: 16 миллион қазақстандықтың деректері қалай тараған? Фото:depositphotos.com

Биыл маусымда интернетке 16 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кеткен еді. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевтің айтуынша, бұл хакерлік шабуыл немесе деректерді бұзу салдарынан болмауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл маусымда интернетке 16 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кеткен еді. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевтің айтуынша, бұл хакерлік шабуыл немесе деректерді бұзу салдарынан болмауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұсалиевтің айтуынша, деректер ақпаратқа қолжетімділігі бар заңды аккаунттар арқылы тараған болуы ықтимал.

"Ол заңды аккаунттардан "кеткен" болуы мүмкін деген нұсқа бар. Менің айтайын дегенім: оны ешкім бұзған жоқ. Яғни, ресми рұқсаты, логині мен құпиясөзі бар адам оны үшінші тұлғаларға берді немесе одан ұрлап алған. Осылайша, бүкіл дерекқор сол жерден алынған", - деді ол.

Шенеуніктің сөзінше, тексеру нәтижесінде таралған деректердің көп бөлігі 2022 жылғы екені анықталған.

"Бұл ақпаратқа кейінірек кейбір ұсақ мәліметтер қосылып, жаңартылғандай болған, бірақ негізгі бөлігі 2022 жылы ұрланған", - деп қосты вице-министр.

Қандай деректер тараған?

16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткен, бұл халықтың басым бөлігін қамтиды. Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.51  course up  595  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети