Қызылорда қаласында аймақтық жас мемлекеттік қызметшілердің слеті өтті. Слет аясында ұйымдастырылған "Дамыған 30 елдің қатарына кіруде жастардың ролі" атты форум кезінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ел экономикасын басқаруда жаңа тәсілдерді тиімді пайдалану үшін мемлекеттік аппаратта кәсіби, жаңашыл практикалық жұмыс тәжірибесі прогрессив және креатив ойлау қабілеті бар кәсіпқой мамандардың болуы қажет екенін баса айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ешкім бірден кәсіпқой маман болып өмірге келмейді. Өзін-өзі дамыту арқылы тынымсыз еңбектену кәсіпқойлыққа жеткізеді", - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, форум барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.
© Мақпал Бисембаева
Айта кетейік, жас мемлекеттік қызметшілердің слеті елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шараға Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, сонымен қатар, Қызылорда облысының жас мемлекеттік қызметшілері қатысты.