"Ештеңе жарылмайды деп сендірді": ТЖ министрі құтқарушының сұхбатына пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ештеңе жарылмайды деп сендірді": ТЖ министрі құтқарушының сұхбатына пікір білдірді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жарылыс кезінде зардап шеккен Алмаз Тұрсыновтың сұхбатына пікір білдірді. Бұған дейін ол өрт сөндіру кезінде әскери полковник құтқарушыларға оқ-дәрілер жарылмайтынын айтқанын мәлімдеген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Юрий Ильиннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде әскерилер қоймада тротил шашкалары сақталғанын растаған.

"Қазір өрт, адам өлімі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. (...) 

Тротил шашкалары сақталған қоймада өрт болғаны расталды. Барлық нұсқау бойынша, соның ішінде қорғаныс министрлігінің де, олар детонаторсыз сақталған және жарылыс қаупі болмаған. Детонаторларға не болғанын тергеу органдары анықтайды.

Ал қол астындағы адамдар қашып кетті дегенге айтарым, зардап шеккендер арасында Қорғаныс министрлігінің де, Төтенше жағдайлар министрлігінің де қызметкерлері бар, әркім өз міндетін өз орнында орындады", - деді Юрий Ильин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Cондай-ақ, Юрий Ильин жарылыс кезінде оқ-дәрілер қоймасында 18 дана өрт-құтқару техникасы мен жабдығы жойылғанын атап өтті. Шығын есептеліп жатыр.

Бұған дейін 26 тамызда оқиға орнында жұмыс істеген Байзақ ауданының №8 өрт сөндіру бригадасының қызметкері Асыл Мұхамбетжанов бастапқыда келген өртсөндірушілерге жарылыс болмайды деп сендірілгенін айтқан болатын.

Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

29 тамызда Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети