Есімов "Самұрық-Қазына" басшылығын жазалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есімов "Самұрық-Қазына" басшылығын жазалады © Тұрар Қазанғапов

Ахметжан Есімов қоржындық компаниялардың жұмысына қатысты кеңес өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап. Жиын барысында бірқатар компанияның қызметі, қаржылық жағдайы және даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ахметжан Есімов қоржындық компаниялардың жұмысына қатысты кеңес өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап. Жиын барысында бірқатар компанияның қызметі, қаржылық жағдайы және даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. 

Ахметжан Есімов Қанат Құдайбергеновті "Тау-кен-Самұрық" АҚ-ның Басқарма төрағасы ретінде таныстырды. Қанат Құдайбергенов 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін "Қаратау" ЖШС және "Қазатомпром" ҰАК" АҚ Бас директоры қызметінде жұмыс істеді, сондай-ақ, 2018 жылдың сәуір айынан бастап "Тау-кен-Самұрық" АҚ-ның Басқарма төрағасы міндетін атқарды. Сонымен қатар, Қанат Құдайбергеновке "Тау-кен-Самұрық" АҚ-ның ұйымдық құрылымын реттеу тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы Басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетовтың келісім-шарт мерзімі аяқталды және одан әрі ұзартылмады.

Ол"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қ. Мақсұтовты қызметінен босатуды, сонымен бірге "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы А. Сатқалиевке сөгіс жариялауды және жылдық бонустарын алып тастауды бұйырды.

Кеңес барысында Ахметжан Есімов "KEGOC" АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры А. Ботабековке тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Қор басшысы IPO сәтті шығу үшін жолаушылар айналымы, кіріс және таза табыс бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді, қоржындық компанияларда трансформациялау бағдарламасы бойынша жол карталарын бекітуді тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети