Ескі әнұран қосылды: Әлімханұлы-Михайлович жекпе-жегі жанжалмен басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ескі әнұран қосылды: Әлімханұлы-Михайлович жекпе-жегі жанжалмен басталды Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен жеңіліп көрмеген жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) арасындағы жекпе-жек басталар алдында ұйымдастырушылар еліміздің әнұранынан жаңылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен жеңіліп көрмеген жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) арасындағы жекпе-жек басталар алдында ұйымдастырушылар еліміздің әнұранынан жаңылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Чемпионаттың жекпе-жегі алдында дәстүрлі түрде боксшылар өнер көрсететін елдің әнұраны қосылады. Алдымен Жаңа Зеландияның әнұраны тыңдалды, содан кейін Сиднейдегі стадионда Қазақстан әнұранының ескі нұсқасы шырқалды.

Тікелей эфирде Әлімханұлының өзі де, қазақстандықтың менеджері де аң-таң күйде қалғаны байқалады. Залдағы қазақстандық көрермен қате кеткені туралы ым-ишарамен белгі бере бастады, бірақ ұйымдастырушылар әнұранды өзгертпеді.

Айта кетейік, жекпе-жекті ұйымдастырушы - Михайловичтің мүддесін қорғайтын No limit boxing промоутерлік компаниясы.

Еске салайық, бүгін, 4 қазанда бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы IBF чемпионы атағын қорғайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети