ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау елге келетін ескі автокөліктерге тыйым салу мәселесі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау елге келетін ескі автокөліктерге тыйым салу мәселесі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қандай да бір мәселені, тіпті, шиеленісті туғызған шектеулер дөңгелекті автокөлік құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің күшіне енуінің Еуро-4 класына сәйкес келмейтін немесе шығарылғанына 7 жылдан асқан автомобильдерді Кеден одағы аумағына әкелуге тыйым салуды қарастыратынымен байланысты", - деді Рау журналистерге Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысының үзілісі кезінде.
"Бірақ олардың Кеден одағы ішінде емін-еркін жүріп-тұра алатындығы жайлы қайшылық туды. Ал басқа нормативтік актіде ұлттық талаптарды бекітуге болатыны жайлы айтылған. Сондықтан, құрметті әріптестер және оқырмандар. Біз онсыз да өткен жылдары ескі көлікті көп әкелдік. Сондықтан егер бұл көлік Еуро-4 стандартына және шыққан уақытына сәйкес келсе ешкім де шектеу қоймайды, осымен болды", - деп мәлімдеді вице-министр.