Ескі көлігімен жол апатына түскен қарияға көлік сыйланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ескі көлігімен жол апатына түскен қарияға көлік сыйланды

Жол апатына түскен павлодарлық қарияға Семейден көлік жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол апатына түскен павлодарлық қарияға Семейден көлік жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, Семейден уәде етілген ақ "Запорожец" жеткізілгені туралы көлік иесі Асылбек Андабаевтың өзі хабарлаған.

"Әлеуметтік желілерде "Запорожец" көлігі мен жол апатына ұшырап, жылап тұрған қарияны көргенде гаражымда тұрған дәл қариянікіндей, 1982 жылы шыққан көлігімді беруді шештім. Істен шықпаған, жүріп тұр. Техникалық байқаудан өткен, сақтандыруы да бар. Барлық құжатты кілттермен бірге бүгін Ефим Никитичке тапсырдым", - дейді ер адам.

Мұндай сыйға ие болған зейнеткер көлік иесі Асылбек Андабаевқа алғыс айтып, жолда абайлап жүруге уәде берді.

Еске салайық, Желіде "Запорожецтің" жанында Toyota көлігімен соқтығысып, көңілі түсіп кеткен 85 жастағы қариянының видеосы тараған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети