25 тамыз 2017 | 13:35

Ескі көліктерді сатып алуға 12 мың квота бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ӨКМ Операторының баспасөз қызметі © ӨКМ Операторының баспасөз қызметі

ҚР Энергетика министрлігі 2017 жылдың соңына дейін тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдауға қосымша 12 мың квота бөлді. 26 тамыздан бастап "ӨКМ Операторы" ЖШС Қазақстан бойынша ескі көлігін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беру Бағдарламасы қайта жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ӨКМ Операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Энергетика министрлігі 2017 жылдың соңына дейін тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдауға қосымша 12 мың квота бөлді. 26 тамыздан бастап "ӨКМ Операторы" ЖШС Қазақстан бойынша ескі көлігін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беру Бағдарламасы қайта жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ӨКМ Операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, "ӨКМ Операторы" ЖШС 2017 жылға бөлінген квотаны мерзімінен бұрын игергендігін және де ҚР энергетика Министрлігіне қосымша квота бөлу жөнінде сұрау-хат жолдағандығын мәлімдеген болатын. 

Бүгінгі таңда құнын өтеу бағдарламасы бойынша ӨКМ Операторыны (15.08.2017 ж. мәлімет бойынша) 27 665 ескі көлік қабылдап, көлік иелеріне 4 146 078 000 теңге қаражат аударды.

Сонымен қатар ескі көліктерді жоюға өткізіп, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификатын беретін Бағдарлама жүзеге асырылуда. 2017 жылдың 26 маусым қолға алынған жоба аясында, бүгінгі күнге дейін ӨКМ Операторы 1 116 жеңілдік сертификатын берді. Табысталған сертификаттың 417-і отандық өндірушіден 245 су жаңа автокөлік сатып алуға пайдаланылған.

Ескі көліктерді жоюға өткізіп, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат Бағдарламасын жүзеге асыруға ҚР энергетика Министрлігі тиісті квота қарастырды:
М1 санаты (жеңіл автокөлік) бойынша - 20 мың ескі көлік,
M2, N1, N2 санаты (жолаушылар және жүк көлігі) бойынша - 1836,
M3, N3 жолаушылар (5 тоннадан жоғары) және жүк көлігі (12 тоннадан жоғары) - 1164.

Ескі көліктерді жоюға тапсырып, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат Бағдарламасы 2017 жылдың 26 маусым айынан бастап іске қосылды. Бағдарлама талабы бойынша жеңіл көліктен бастап, жолаушылар және жүк машиналары қабылданады.

Бағдарлама бойынша екі сертификатты біріктіріп, кез келген санаттағы көлік құралын сатып алуға болады. Және де берілген сертификатты өзге тұлғаның атына екі реттен артық қайта тіркеуге болмайды. Сертификат берілген күннен бастап 12 айға жарамды. Бүгінгі таңда ӨКМ Операторы тозығы жеткен көлік құралдарын сатып алу және сертификат беру Бағдарламасы бойынша бас аяғы - 28 781 автокөлік қабылдады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети