10 қазан 2017 | 11:34

"Ескі ұшақтар пайдаланылып жүр". Сағынтаев әуетасымалдаушыларға талапты күшейтуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Санитарлық авиацияның Ан-28 ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырағаннан кейін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысы кезінде бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Санитарлық авиацияның Ан-28 ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырағаннан кейін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысы кезінде бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жақында қайғылы оқиға болды, экипаж өкілдері мен дәрігерлер қаза болды. Бұл қайғылы оқиға санитарлық авиация саласында үлкен қиындықтар барын көрсетіп отыр. Ескі ұшақтар ұшырылып, ұшу қауіпсіздігі сақталмай отыр, ал аймақтарда әуе кемелерін тәулік бойы қабылдауға жағдай жоқ. Осының салдарынан жоғары білікті мамандар мен ауыр халдегі науқастардың өмірі қауіпте қалып отыр", - дейді Сағынтаев. 

Үкімет басшысы денсаулық сақтау, инвестициялар және даму, ішкі істер министрліктеріне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға ұшақ апатына қатысты егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп, әуетасымалдаушылрға талаптарды күшейтіп және осы сияқты жоспардан тыс ұшуларды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасауды тапсырды.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан. 

Кейінірек әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған. Сондай-ақ, дәрігерлер бара жатқан жүкті әйелдің жағдайы айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети