Ескендір Сүлейменовтің анасы мәлімдеме жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ескендір Сүлейменовтің анасы Лейла Сүлейменова сотталушы Малика Мұхитованың сот үкіміне берген апелляциялық шағымымен келіспейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ескендір Сүлейменовтің анасы Лейла Сүлейменова сотталушы Малика Мұхитованың сот үкіміне берген апелляциялық шағымымен келіспейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккен тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Альмира Шайхина Лейла Сүлейменованың мәлімдемесін оқыды.

"Зардап шеккен тараптың өкілі ретінде Мұхитоваға қатысты шыққан үкімді заңды және дәлелді деп санаймын. Аудандық соттың Мұхитоваға қатысты шығарған үкімін сол күйде өзгеріссіз қалдыруды сұраймын. Зардап шеккен тараптардың арасында келіспеушілік болған жағдайда анасы ретінде менің өтінішімді орындауын сұраймын", -деп оқыды мәлімдемені адвокат.

Ескендір Сүлейменовтің анасының мәлімдемесі іс материалдарына қосылды. Келесі сот отырысы 11 қаңтарға белгіленді.

Олжас Сүлейменов немересінің өліміне байланысты тағы бір үндеу жасады

Еске салайық, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Сот алдына 29 жастағы Малика Мұхитова келді. Сотталушы Мұхитованың "Самрұк-Қазына" АҚ-та жұмыс істейтіні болды.

"Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен қыздың әкесі Қызылорда облыстық ІІД басшысы болып жұмыс істейді: Мұхитов Қайрат Болатұлы. (...) Жүргізуші Мұхитованың тарапынан мынандай әрекет - ол солға бұрылған кезде жол қозғалысы туралы ереженің 13.5 пунктін бұзғаны анықталды. Мұхитова Алматы көшесінен Мәңгілік ел даңғылына бара жатып, Керей Жәнібек хандарының көшесіне келгенде солға бұрылды. Бұл жерде ол мотоциклшіге жол беруі тиіс болатын", - деп хабарлаған еді осыған дейін Астана қалалық ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro