Ешкім кәсіпқой маман болып өмірге келмейді - Көшербаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ешкім кәсіпқой маман болып өмірге келмейді - Көшербаев © Мақпал Бисембаева

Қызылорда қаласында аймақтық жас мемлекеттік қызметшілердің слеті өтті. Слет аясында ұйымдастырылған "Дамыған 30 елдің қатарына кіруде жастардың ролі" атты форум кезінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ел экономикасын басқаруда жаңа тәсілдерді тиімді пайдалану үшін мемлекеттік аппаратта кәсіби, жаңашыл практикалық жұмыс тәжірибесі прогрессив және креатив ойлау қабілеті бар кәсіпқой мамандардың болуы қажет екенін баса айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ешкім бірден кәсіпқой маман болып өмірге келмейді. Өзін-өзі дамыту арқылы тынымсыз еңбектену кәсіпқойлыққа жеткізеді", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, форум барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.

© Мақпал Бисембаева

Айта кетейік, жас мемлекеттік қызметшілердің слеті елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шараға Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, сонымен қатар, Қызылорда облысының жас мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети