Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ескінің жұғындысы қазақстандықтардың жетістікке жетуіне кедергі болады - Назарбаев

22 Мамыр 2015, 12:29
1
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға жетістікке жетуге не кедергі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің ел жүзеге асырылуы қиын мақсаттарды алға қойды. Сондықтан мен бес ірі реформаны атап көрсеттім. (...) Алға қойған мақсатымызға жетуге ескінің жұғындысы кедергі болады. Кеңес Одағы құрамында болған 75 жылда бірнеше буын тек бір бағытпен өмір сүрді - өмірге келесің, октябрист боласың, кейін комсомол және жұмыс істейсің. Бәрі де жұмысқа орналасады, бәрінің құқығы тең, оған қоса әр адам өзінің пәтеріне байланып қалады. Не оны сата, не ауыстыра алмайсың. Бұл мүлде бөлек тәсіл", - деді ол Астана экономикалық форумында.

"Қазір біз адамдардың табыс тауып, өзі байып, жетістікке жетуіне, сонымен қатар мемлекетке көмектесуіне барлық жағдайды жасап отырмыз. Енді өмір сүруге жағдай жасау үшін жемқорлық, таныс-тамырмен емес, тек өз күшімізбен жетуге тура келеді. Бар мәселе осында. (...) Біз қазір басқаша, яғни нарықтық жағдайда өмір сүруді үйретуге тырысып жатырмыз", - деді ол.

Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Кезекті рет Тәуелсіздік Сарайында өтіп жатқан шарада әлем экономикасының мәселелері мен дағдарыстан шығу жолдары, мұнай бағасы талқыланып жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай