Есікте екі қызды көлік қағып, екеуі де қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есікте екі қызды көлік қағып, екеуі де қаза болды ©️ instagram/kris_p_issyk

Есікте көлік екі қызды қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, олар 14 және 3 жаста болған. Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есікте көлік екі қызды қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, олар 14 және 3 жаста болған. Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"8 маусымда кешкі сағат 21:10-да саяжай аумағында көлік қағып кеткен 14 және 3 жастағы қыздар оқиға орнында қаза тапты", - делінген видео сипаттамыасында.

Жол апатының мән-жайы анықталып жатқаны айтылды. Алматы облысының Полиция департаменті жол апатына қатысты пікір берді.

"8 маусымда Mercedes Benz жүргізушісі Есіктегі Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып, кәмелетке толмаған екі қызды қағып кетті. Апат салдарынан кәмелетке толмағандардың екеуі де сол жерде қаза болды. Автокөліктің жүргізушісі УҰИ-ға қамалды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети