Есмағамбетова отставкаға кету туралы хабарламаға байланысты полицияға жүгінді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есмағамбетова отставкаға кету туралы хабарламаға байланысты полицияға жүгінді Айжан Есмағамбетова. Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова отставкаға кету туралы хабарламаға байланысты полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова отставкаға кету туралы хабарламаға байланысты полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист орталық өңірлік коммуникациялар брифингінде Есмағамбетовадан полицияға жолданған өтініш туралы сұрады.

"Онкологиялық науқастарға көмек көрсету қорының негізін қалаушылардың бірі E-otinish жүйесі арқылы үнемі жүгінеді, кейінгісінде отставкаға кету керек екеніңіз туралы айтты. Есмағамбетова ханым, сіздің ведомствоңыз оның өтінішін полицияға жолдады. Сіз отставкаға кетіңіз дегенге ренжідіңіз бе?" - деп журналист.

Есмағамбетова ІІМ-ге өтініш жолдағанын айтты.

"Шынында да, менің қолыммен ІІМ-ге менің отставкаға кетуім туралы өтініш берген адамның іс-әрекетіне баға беру үшін өтініш жолдадық. Менің ойымша, бұл - қалыпты тәжірибе", - деп жауап берді ол.

Журналистер Есмағамбетовадан осыдан кейін халық көмек алу үшін комитетке жүгінбей қалмай ма деп қорықпай ма деп сұрады.

"Жоқ, біз қорықпаймыз. Күн сайын комитеттің мекенжайына 100-150-ге дейін өтініш келіп түседі. Мен ішкі істер министрлігіне осы тұлғаның әрекетін бағалау туралы өтініш жібердім. Бұл - менің алғашқы жүгінуім", - деп қорытындылады Есмағамбетова.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отставкаға кету туралы мәселелер қалыпты екенін айтты.

"Журналистер мен қоғамдық ұйымдар бұл жоғары интеллигенция деп санайды және диалог түріндегі үндеудің өзі қалыпты моральдық-этикаға сай болуы керек. Мен үшін бұл қалыпты.

Ел азаматтары өз наразылықтарын білдіреді, ал әріптестеріміз оның қаншалықты заңды екені, этикаға қаншалықты сәйкес келетіні туралы Ішкі істер министрлігінен ақпарат сұрады. Сондықтан бұл сұрау болды, Ішкі істер министрлігі түсінік берді", - деп жауап берді Цой.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети