"Есімім Баха, бүгін туған күнім". Жасөспірімді өлімнен құтқарған полицей оқиғаның қалай болғанын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысында жасөспірімді өлімнен құтқарған полиция қызметкері Бақыт Жарқынбеков оқиғаның қалай болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында жасөспірімді өлімнен құтқарған полиция қызметкері Бақыт Жарқынбеков оқиғаның қалай болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 8 желтоқсанға қараған түні Қаскелең қаласында болған. Полицияға көпірде адам құлағалы туралы хабар түскен. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан 3 минутта болған.

Полиция қызметкері Бақыт Жарқынбеков көпірден құламақ болған 15 жастағы жасөспіріммен 1,5 сағат сөйлескен. Осылайша, ол өзіне қол салмақ болған үшінші адамды өлімнен құтқарыпты.

"Бауырым, тоңып қалыпсың. Менің есімім - Баха. Бүгін - туған күнім, 35 жасқа толдым, Бауырым. Қалауыңды айтсаң, мен саған көмектесе алатын шығармын", - дейді тәртіп сақшысы жасөспірімге видеода.

Оның айтуынша, мұндай жағдай адамның тілін таба білу керек, әрі өте сақ болған жөн. Тіпті, әрбір секунд та маңызды болуы мүмкін.

"Сондықтан мен өзімді Баха деп таныстырып, бүгін туған күнім екенін айттым. Мұндай жағдайда жасөспірім сізге қызметкер ретінде емес, дос ретінде қаруы керек. Екеуміз 1 сағат 40 минут сөйлестік. Ол мас болды, қатты тоңып қалыпты", - дейді Жарқынбеков.

Сонымен қатар, полицей қорыққанын жасырған жоқ.

"Мен ол құлап кетеді деп қорықтым. Біз оқиға орнына келген кезде ол жанына жақындамауды сұрады. Соған қарамастан мен оған ақырындап, жақындай түстім. Көпірде қоршаулар болды. Мен оған жақындаған кезде отыратынымды айтты. Ол қолын жоғары көтерген сәтте мен оны ұстап алдым. Осылайша, оның құлауына жол бермедім", - дейді тәртіп сақшысы.

Ол баланы құтқару қиын болғанын, әріптестері көмекке келгенін атап өтті.

Жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Онда оны ата-анасы мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор күтіп отырған. Ауруханаға жеткен кезде оның жағдайы жақсарған. Кейін бір бұрын жасөспірімнің бауыры қайтыс болғаны белгілі болған.

Сонымен қатар, Жарқынбеков осымен үшінші рет адамды өлімнен құтқарғанын айтты.

"Мұндай жағдай болған кезде тәжірибе жинайсың. Менің полицияда қызмет істеп жүргеніме 12 жыл болды. Осымен үшінші адамды өлімнен құтқардым. Ондайда әрқашан адамның тілін тауып, артық қимыл жасамаған жөн. Әрине, ереже жоқ, барлығы жағдайға байланысты", - дейді полиция қызметкері.

Ол ата-аналарды балаларымен жиі сөйлесуге, оларға көбірек көңіл бөлуге кеңес берді. Полицей 3 баланы тәрбиелеп отырғанын, үлкені 12 жаста екенін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында полицейдің жасөспірімді өлімнен құтқарып қалғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro