18 қараша 2014 | 13:30

Есімов алғашқы әскери дайындықты оқытудың қажеттілігін қайта қарауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ахметжан Есімов. ©Ярослав Радловский Ахметжан Есімов. ©Ярослав Радловский

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке оқу орындарында алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың қажеттілігін қайта қарауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке оқу орындарында алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың қажеттілігін қайта қарауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол өз ұсыныстарын хатта баяндады, оны мәслихат депутаттары оқып берді. Хатта оқу орындарында қолданылатын алғашқы әскери дайындық жөніндегі бағдарламаның кеңес заманынан бері өзгертілмегені айтылады. Әкім бағдарламаның қажеттілігіне күмән келтірді. "Мен "Алғашқы әскери дайындық" пәнінің өзектілігіне күмән келтіремін. Хатта мен қазіргі заманның шындығы мен әлемдік тәжірибені ескере отырып, алғашқы әскери дайындықты оқытудың қандай пайдасы барын қарастыруды ұсындым. Әлемде мамандандырылған оқу орындарынан басқа жерлерде автоматтардың, гранаталардың, тағы басқалардың құрылысын зерттейтін пән жоқ. Министрлік шешім қабылдағанша Алматының оқу орындарында жарылғыш заттың имитаторлары қолданылмайтын болады", - деді Ахметжан Есімов.

Әкім алғашқы әскери дайындық пәнінде гранатаның жарылуынан қайтыс болған қыздың отбасына материалдық көмек ретінде миллион теңгенің бөлінгенін, ал зардап шеккендер 500 мың теңгеден алатынын айтты. Бұған дейін Есімов алғашқы әскери дайындық пәні бойынша барлық оқу құралын, жарылғыш заттар имитаторларын түгендеу мен оларға сараптама жасауды және оларды қаланың оқу орындарына беруді тоқтатуды тапсырған еді. Сонымен бірге, ол бұрын берілген оқу құрал-жабдықтарын тәркілеуді тапсырды.

Еске сала кетейік, 17 қараша күні Алматы сән және дизайн колледжіндегі алғашқы әскери дайындық пәнінде граната жарылған болатын. Төтенше оқиға салдарынан 16 жастағы студент қыз Светлана Яковлева қайтыс болды. 12 адам ауруханаға түсті. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаға байланысты "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети