Есімов Алматыдағы сел туралы: Баспана мен көлік мүлік ретінде сақтандырылуы тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есімов Алматыдағы сел туралы: Баспана мен көлік мүлік ретінде сақтандырылуы тиіс Ахметжан Есімов. © Ярослав Радловский

Алматы әкімі Ахметжан Есімов сел кезінде су қоймасының алабындағы үйлер мен жер заңнамасының талаптары бойынша салынбаған баспаналардың зардап шеккенін айтты, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Әкім бұл жөнінде Мәслихат сессиясында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ахметжан Есімов сел кезінде су қоймасының алабындағы үйлер мен жер заңнамасының талаптары бойынша салынбаған баспаналардың зардап шеккенін айтты, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Әкім бұл жөнінде Мәслихат сессиясында мәлімдеді.

Есімовтің сөзіне қарағанда, селдің салдарынан зардап шеккен үйлердің басым бөлігі - жер заңнамасының талаптарын бұзу арқылы бой көтерген баспаналар. Бүгінгі таңда селге байланысты қалада төтенше жағдайдың жарияланғаны белгілі, енді соған байланысты зардап шеккендерге белгілі бір сома төленеді.

"Қорда 679 миллион теңге бар, бірақ Мәслихаттың сессиясында оны 2 миллиард теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылданды. Алайда ол соманың барлығы апаттың салдарынан келген шығынды өтеуге жұмсалады дегенді білдірмейді", - деді Есімов.

Әкімнің айтуынша, үй мен көлік мүлік ретінде сақтандырылуы керек, сондықтан айтылған сома зардап шеккендерге "үлестіріледі" деп ойлау жаңсақтық. 

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети