26 сәуір 2015 | 07:54

Есімов Қазақстан президентінің сайлауында дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ахметжан Есімов. ©Дмитрий Хегай Алматы әкімі Ахметжан Есімов. ©Дмитрий Хегай

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сайлау бүгін, 26 сәуірде басталды. Сайлау учаскелері 7.00-де ашылды.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сайлау бүгін, 26 сәуірде басталды. Сайлау учаскелері 7.00-де ашылды.

Есімов өз дауысын үміткерлердің біріне беру үшін Достық даңғылының жоғарғы бөлігінде орналасқан №148 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған сайлау учаскесіне келді. Айта кетейік, қала басшысы сайлауда бірінші болып дауыс бергендердің қатарында болды, ол учаске ашылғаннан кейін 15 минут өткенде келді.

"Мен таңнан өз көмекшілеріммен телефон арқылы сөйлесе алмадым. Күн әлі ерте болса да сайлаушылардың белсенділігі жоғары, осы учаске бойынша көрініп тұр. Адамдар өз таңдауын жасау үшін келеді, дауыс береді. Бұл өте маңызды, себебі президент, мемлекет басшысы елдің ішкі және сыртқы саясатын анықтайды. Меніңше, Қазақстан халқы дұрыс шешім жасайды", - деді қала басшысы.

Айта кетейік, үміткерлерге дауыс беру үшін кейбір қалалықтар учаскеге 6.00-де келді. Бірінші болып келгендерге конфеттер мен гүлдер берілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети