17 қараша 2016 | 16:10

Есімов Назарбаевқа EXPO-2017 нысандарының құрылысы жайлы баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 
 
Кездесуде Ахметжан Есімов Елбасыға "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алғашқы нысандар тыпсырылуға дайын, соның ішінде жалпы көлемі 285 мың шаршы метр болатын халықаралық павильондар бар.

Иконка комментария блок соц сети

"Франция, Германия, Қытай, Монако және Венгрия елдерінің өкілдеріне павильондар беріліп те қойды. Алда тақырыптық павильондар құрылысын аяқтау міндеті тұр", - деді Есімов.

Елбасы ЭКСПО-2017 нысандарының іс-шара өткеннен кейін де пайдаланылуы қажеттігіне, сондай-ақ қатысатын еріктілерді дайындау, мәдени іс-шаралар өткізу, республика өңірлерінің қатысуы, халықаралық көрмеге отандық туристердің тарту мәселелеріне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаевқа жыл соңына дейін Қазақстан павильонының құрылысын аяқтау және оны тиісті тақырыпқа сәйкес мазмұндық тұрғыдан толықтыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.  

Есімов ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы барлық іс-шара жұмыс режімінде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бүгінде еріктілердің 3 мыңы дайындықтан өткен, қосымша тағы 1,5 мың еріктіні іске тарту көзделуде.

Мемлекет басшысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және халықаралық көрмеге қатысушылар мен қонақтарды орналастыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы бүгінгі таңда іс-шараға қатысушыларға берілетін 1 374 пәтердің дайын екенін хабарлады.

Мемлекет басшысы бүкіл әлемде болып жатқан күрделі экономикалық үдерістерге қарамастан маңызды халықаралық іс-шара өткізуді жоспарлап отырғанымызды айтты.

Соңында Елбасы көрмені лайықты өткізіп, содан кейін Қазақстанда оның жетістіктерін пайдалану қажеттігін атап өтті. "Бізге шетелдік қатысушылар көрмеде көрсететін жаңа инновациялық технологияларды барынша пайдалану қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети