Есімов Президентке "Самұрық-Қазынаның" жұмысы бойынша есеп берді

viewings icon 441 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" компаниялар тобының 9 айдағы жұмысының қорытындылары туралы есеп берілді.

Ахметжан Есімовтің мәліметінше, есептік кезеңдегі таза табыс жоспарланған 167 миллиард теңгеден 2,6 есеге асып, 436 миллард теңгеге жеткен. Биыл акционер – ҚР Үкіметіне 120 миллард теңге дивидендтер төленіп, 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 есе артық. Сондай-ақ энергетикалық, мұнай-газ, уран, телекоммуникациялар, пошта және басқа да салалардағы компаниялар тобының барлық кәсіпорындарында үздіксіз жұмыс қамтамасыз етілді. Өндірістегі жұмыс орындары жаппай қысқартуға ұшырамай, персонал толық құрамда сақталды, қызметкерлерге еңбекақы уақытылы төленіп отыр.

"Самұрық-Қазына" басшысы Қор сатып алулар жүйесі арқылы ел экономикасын қолдауға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қордың сатып алулар жүйесіндегі жергілікті өнім үлесі 66% құрады. Бәсекелестік ортаға 819 миллард теңгеге сатып алулар шығарылған. Бизнестің 17 000 субъектісі Қордың сатып алуларына қатысуға мүмкіндік алды. 2020 жылдың басынан бері компаниялар тобы 2,4 триллион теңгеге отандық бизнеспен шарттар жасасып, жергілікті кәсіпорындарға 12 мың тапсырыс берілген. Аталған кәсіпорындарда 280 мың адам жұмыс істейді. Есеп бойынша мемлекеттік бюджетке 170 миллард теңге көлемінде салық төлемдері түсуі тиіс.

Сондай-ақ Қазақстан Президентіне Қорды инвестициялық холдингке айналдыру тұжырымдамасы ұсынылды.

Басқарма басшысы Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық холдингке айналдырудың артықшылықтары туралы айтты. Оның сөзінше, бұл портфельді активтердің география және салар бойынша әртараптандыруға, халықаралық инвестициялардан түсетін табысын арттыруға, дивидендтердің есебінен бюджет түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысына Жолдаудағы тапсырмаларға сәйкес, Қор активтерін жекешелендіру бағдарламасы жалғаса беретіні туралы  хабарланды. Бұл ретте, Қор мемлекеттік және жеке меншік мүдделер арасындағы тепе теңдікті қамтамасыз ету мақсатында ірі және стратегиялық компаниялардағы үлесін 51 және одан да көп пайызын бақылауды сақтап қалады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю