Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандар есірткі саудасына жиі тартылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандар есірткі саудасына жиі тартылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, бұл жағдай полицияның, жергілікті атқарушы органдардың және оқу орындары әкімшілігінің үйлестірілген түсіндіру жұмыстарындағы проблемаларды көрсетеді.
"Егер 2020 жылы 15 есірткі қылмысы тіркелсе, оның бесеуі өткізуге қатысты, 2021 жылы бұл көрсеткіш 26 дерекке, ал сату саны 10-ға өсті. 2022 жылы кәмелетке толмағандар есірткіге қатысты 25 қылмыс жасаған, оның жартысы – 12 дерек – есірткі сатуға қатысты", - деді брифингте ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Сонымен қатар, 2023 жылдың өткен кезеңінде қылмыстық процеске 29 кәмелетке толмаған жасөспірім тартылған, оның 13-і колледж студенттері, үшеуі университет студенттері және алтауы мектеп оқушылары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!