ҚМА "Әуежай-Астана" кеден бекеті мен "DHL" курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп Таиландтан халық тұтынатын тауарлар түріндегі почта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу дерегін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Астана бойынша департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен "DHL" уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық почта жөнелтімдерінен 3 қорап тапқан, олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 келі каннабис сығындысы (гашиш майы) табылған.
"Жедел-тергеу іс – шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда салмағы 787 грамм марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар табылып, тәркіленді.
Аталған факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 4 күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!