"Естен кетпес әсер алдым". Тоқаев Сауд Арабиясының энергетика министрін қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман Әл Саудты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман Әл Саудты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-сауд қатынастарының бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін атап өтіп, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен арадағы уағдаластықтар барлық секторда екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергенін еске салды.

"Сіздің сапарыңызды екі мемлекет арасындағы достық пен тығыз байланыстардың айқын көрінісі ретінде қарастырамыз. Мен сіздің ғажайып еліңізге жасаған сапардан естен кетпес әсер алдым. Сапар, шын мәнінде, табысты болды. Біз көптеген мәселе бойынша, әсіресе, энергетика секілді маңызды салада ынтымақтастық орнату туралы уағдаластықтарға қол жеткіздік. Екіжақты қарым-қатынастың болашағы жарқын болатынына сенімдімін. Өзара ынтымақтастығымыз стратегиялық сипатқа ие. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі Мұхаммед бен Салманға ізгі тілегімді жолдағым келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Абдулазиз бен Салман Әл Сауд құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

"Біз Қазақстанмен арадағы тарихи тамыры терең қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде Сауд Арабиясы көмек қолын созған алғашқы елдердің бірі болды", – деді министр.

Бұдан бөлек, кездесуге қатысқан Саудияның ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайян Жетісу облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаның перспективалары, сондай-ақ Қазақстанмен "жасыл" энергетика саласындағы өзара ықпалдастық жоспары жайында айтты.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer