Күздің басты оқиғасы - Ethnotronica Almaty фестивалінде Венгрия атынан Kerekes Band тобының мүшесі Жомбор Фехер (Zsombor Feher) қатысады.
Күздің басты оқиғасы - Ethnotronica Almaty фестивалінде Венгрия атынан Kerekes Band тобының мүшесі Жомбор Фехер (Zsombor Feher) қатысады.
Үш сағаттық шоу 10 қыркүйекте Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында (Абай-Достық) өтеді. Кіру тегін. Жобаның бас серіктесі ‑ Magnum Cash & Carry. Фестиваль қала күні аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
Kerekes Band музыкасы - Венгрия бояуы бар, электрон түрде өңделген этно-фанк, джаз және рок стилінде орындалатын әуен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Сәлем Қазақстан, сәлем Алматы! Менің атым Жомбор Фехер. Мен Венгриядан келген Kerekes Band этно-фанк тобының мүшесімін. 10 қыркүйекте Абай алаңында сіздермен бірге рок айтамын. Жан Қастеевтің арқасында сүйікті елімде тағы өнер көрсететін болдым. Қазақстан, Ethnotronica Almaty фестивалінде кездескенше!" - деді музыкант.
Электрон сахна әртістері арасында Қазақстан атынан DJ Rufus өнер көрсетеді.
"Сәлем, менің атым DJ Rufus! 10 қыркүйекте Ethnotronica Almaty-ға мен де қатысамын! Біз сіздерге электрон музыка мен этникалық мотив араласқан ерекше кеш ұйымдастырып жатырмыз. Бұл кеш қызықты болады деп үміттенемін, келіңіздер!", - деп жазды DJ Rufus.
Сондай-ақ, шоуға World music жанрынан Радик Тюлюш (Тува), Чылтыс Таннагашева (Тау Шориясы), Abbos (Өзбекстан), Steppe Sons (Қазақстан), Simi (Грузия) топтары, сондай-ақ қазақстандық электрон сахна әртістері: Нариман Исенов AlmaLogic жобасымен, Kokonja,Kokonja, Edige, Ruus және жеке музыканттар Layla-Qobyz (Қазақстан) және Nuketai (Қазақстан) қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ethnotronica Almaty - бұл The Spirit of Tengri-дің жалғасы емес, басты назар электрон музыкаға бағытталған жеке шоу. Егер The Spirit of Tengri дәстүрлі көктемгі іс-шара болса, ұйымдастырушылар Ethnotronica Almaty күзгі дәстүрлі фестивальге айналады деп үміттенеді.
Ethnotronica Almaty музыкалық бағдарламасы этникалық мотивтер электрон дыбыспен үйлесетін XXI ғасырдың өзекті дыбысын ұсынады. Өйткені, қазіргі музыка тілі мен техникасы қатар жүріп, бірін-бірі байытып, әсер етіп келеді. Музыканттарды іздеу жаңа гаджеттер мен функционалдың пайда болуына әкеледі, ал технология музыканы жаңа жолмен жасауға мүмкіндік береді.
Музыканттардың қойылымдары нақты уақыт режимінде LED-дисплейлерде, сондай-ақ онлайн платформаларда тікелей эфирде көрсетіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!