ЭЦҚ-ны бөтен адамға заңсыз берген қазақстандықтарға айыппұл салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЭЦҚ-ны бөтен адамға заңсыз берген қазақстандықтарға айыппұл салынады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Нұржан Дүйсебай

ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға заңсыз берген қазақстандықтарға 400 мың теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегілер ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty телеарнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, соңғы кезде қазақстандықтар арасында ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға беруге байланысты шағым көбейген. 2020 жылдың өзінде осындай 30 шақты дерек анықталған. Былтыр 50-ден аса әкімшілік іс тіркелген.

"ЭЦҚ адамның өзі қаламмен жазып, қол қойғанмен тең екенін және екеуінің заңды салдары болатынын есте сақтау керек. Өз қауіпсіздігіңді сақтап, алаяқтың құрбаны болмау үшін министрлік ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға бермеуге кеңес береді. Оны жоғалтқан жағдайда бірден қайта жасату керек, сондай-ақ стандарт парольді одан күрделіге ауыстыру керек", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілі Нұржан Дүйсебай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети