31 мамыр 2020 | 10:30

"Еуразия" сауда орталығында санитарлық норма талаптарының бұзылғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: astana.gov.kz Сурет: astana.gov.kz

28-29 мамыр аралығында мониторинг жүргізу барысында, 60-тан астам нысан тексеріліп, бірқатар кәсіпорынды жабу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

28-29 мамыр аралығында мониторинг жүргізу барысында, 60-тан астам нысан тексеріліп, бірқатар кәсіпорынды жабу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық талаптарды сақтау бойынша кәсіпкерлерге рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

"Біз "Еуразия"сауда орталығында тексеріс жүргізудеміз. Бұл сауда орталығына бірнеше рет ескерту жасадық. Орталықтың әкімшілігіне ескерту жасадық, бірақ бүгінгі рейд барысында әлі де орындалмаған талаптар бар. Атап айтсақ, маскалық тәртіп сақталмаған, кіреберісте антисептиктер жоқ, сондай-ақ температура өлшеу тәртібі сақталмаған", - деді қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің бас маманы Азамат Рашитов.

Бұдан бөлек, нысанда маникюр кабинеті және басқа да қызметтер жұмыс істеп жатыр. Бірақ бұл қызметтер санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша әлі рұқсат етілмеді.

Сонымен қатар рейдтік топ "Аспан" базарында да болды. Бұған дейін санитарлық талаптар сақталмағанына байланысты бірнеше шағым келіп түскен.

"Бүгін жергілікті полиция қызметкерлері, аудандық СЭС, қалалық кәсіпкерлік басқармасының қызметкерлерінен тұратын мониторингтік топ аталған нысанды тексерді. Рейд барысында әкімшілік барлық ескертулерден нәтиже шығарған", – деп атап өтті Рашитов.

"Осы нысанда талаптар бірнеше рет бұзылды. Осыған байланысты аудандық СЭС шешімімен, бүгінде көптеген нысандар талаптарды орындамай, өз қызметіне кірісе алмайды. Біз бір донер сататын дүңгіршек, бір дүкен, бір кафе және бір шаштараз жаптық", - деді А.Рашитов.

Рейд барысында 60-тан астам нысан тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 22 нысандарда санитарлық нормаларды бұзушылық анықталды, 14 нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады. Осы нысандардағы негізгі ереже бұзушылықтар: қызметкерлерінің маскалық режимді сақтамауы, пайдаланылған медициналық маскаларды дұрыс қоқысқа салмауы, тепловизорлардың жоқтығы, күніне кемінде үш рет қызу мөлшерін өлшейтін тәртіп пен тіркеу журналының болмауы, ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар мен диохлор құралдарының болмауы, қоғамдық тамақтану объектілеріндегі үстелдер арасындағы қашықтықтың сақталмауы.

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 34 нысан жабылды. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. Бұл нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады. 150 кәсіпорын ескерту алды. Мұндай қатаң шаралар коронавирустың талауына жол бермеу үшін қабылданды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети