Байланыс және баспасөз қызметкерлері күні қарсаңында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті еліміздің бірқатар ақпарат құралдарының жетекшілерін марапаттады, Тengrinews.kz деп хабарлайды тілшісі.
Байланыс және баспасөз қызметкерлері күні қарсаңында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті еліміздің бірқатар ақпарат құралдарының жетекшілерін марапаттады, Тengrinews.kz деп хабарлайды тілшісі.
Журналистер күніне орай университет ректоры Е.Сыдықовтың бастамасымен білім ошағында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қазақ журналистикасының проблемаларын талқылаған болатын. С.Әбдірахманов, С.Қасқабасов, Н.Омашев, Д.Қамзабекұлы, Ә.Ахметов сынды ғалымдар журналистиканың бүгінгі ахуалына қатысты өзекті мәселердің шешу жолын ұсынды. Ал қазіргі таңдағы ақпараттардың таратылуы, берілуі, телеарналардың деңгейі идеологиялық тұрғыда насихаттауына қатысты Алдан Смайыл тарқатты.
"Қазіргі уақытты еліміздегі ақпарат құралдарының ішінде орыс тілді БАҚ-тың басымдығы байқалады. Мысалы елімізде 170 қазақ тілді журнал болса, орыс тілінде шығатындарының саны 220 құрайды. Газеттердің де үлесі солай. Ал радиоларды арнайы отырып зерттегенімде, орыс тілді жеті радионың әрқайсысы аптасына 100 сағаттан хабар тарататына көзім жетті. Олардың дені ресейлік және бағдарламаларының 75 пайызы сол елдің өнімі. Осыған назар аударатын кез келді", - деді ол.
Сондай-ақ, Сейіт Қасқабасов кез келген шешім қабылдар кезде билік БАҚ арқылы халықпен санасуы тиіс деген ұсыныс білдірсе, журналист Кенжеболат Жолдыбаев журналистердің кәсіподағын құру туралы ой тастады.
Университет басшылығының ұсынысымен бірқатар БАҚ басшылары арнайы сыйлықпен марапатталған еді. Олардың арасында "Алаш айнасы" газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Мұратқали Дүйсенбаев, Болатбек Төлепберген, Ерлан Атамбай сынды журналистер бар.