31 мамыр 2014 14:26

Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарт ҚР Парламенті қарауына қыркүйекте ұсынылады

Мемлекет басшылары деңгейіндегі ЕАЭО саммиті қазанда өтеді ©tengrinews иллюстрациясы

Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарт ҚР Парламенті қарауына 2014 жылдың қыркүйегінде ұсынылады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингіде ҚР сыртқы істер министрлігінің Айырықша істер жөніндегі елшісі Асан Қожаков мәлімдеді. "2015 жылдың 1 қаңтары - Еуразиялық экономикалық одақтың, ондағы органдардың толыққанды іске кірісетін уақыты. Бізге ратификациялау процесін бастап кету үшін келісімшартты ҚР Парламентіне ұсыну қажет. Бұл процесс қыркүйек айында бастау алып, ол бір-екі ай уақытымызды алады деп ойлаймын" деді сыртқы саясат ведомствасының өкілі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram