29 мамыр 2014 14:26

Армения Еуразиялық экономикалық одаққа тездетіп кіруге ниетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti70.ru ©vesti70.ru

Келесі айда Армения Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге дайын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Армения президенті Серж Саргсянның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.


Келесі айда Армения Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге дайын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Армения президенті Серж Саргсянның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кездесуі кезінде бірінші болып сөз алған С.Саргсян одақтың өзара тиімді ұйымға айналатынына сенім білдірді. "Ал біздің Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа тездетіп қосылуымызға бірнеше себеп бар. Біріншіден, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Армения одаққа қосылады деген "жол картасы" бар. Ол туралы біздің бизнесіміз және халқымыз жақсы біледі. Екіншіден, келісімді рәсімдегеннен кейін біз шамамен 200 заң актілерін қабылдауымыз қажет. Оған, кем дегенде, 6 ай кетеді. Осыны ескеру керек. Қазір тек екі-үш мәселе (Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына қатысты - авт.) ғана қалды. Бірақ ол бойынша да сарапшылар бір келісімге келді. Сондықтан Армения республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қосылу мерзімін ағымдағы жылдың маусымның 15-іне дейін белгілеуді сұраймын. Мен түсінемін, уақыт аз. Алайда сіздер дайын болсаңыз, екі-үш күннің ішінде біз бір шешімге келеміз деп білемін", - дейді С.Саргсян. Оның сөзіне қарағанда, Арменияның парламенті тиісті құжатты қысқа уақыттың ішінде қабылдай алады.

Бес елдің президенттері қатысқан кездесу кезінде Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу мерзімі шілденің 1-іне дейін ұзартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети