11 сәуір 2017 09:22

Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мүшесі бір деңгейде жұмыс істеуі керек - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "МИР" телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында Еуразиялық экономикалық одақтың тиімдірек жұмыс істеуі үшін не істеу керек екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "МИР" телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында Еуразиялық экономикалық одақтың тиімдірек жұмыс істеуі үшін не істеу керек екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мүшесін бір деңгейге тарту керек. Қазір біреуі бір жақта, біреуі ортада, тағы біреуі тіпті төменде қалып қалды. Мәселе осында болып тұр. Барлығы тең жұмыс істеуі үшін оларды бір деңгейге тарту керек. Яғни, бұл жерде мемлекет оған біреулер көмектеседі деп үміттеніп отырады. Бірақ бұлай болмайды, нарық экономикасында ешкім тегін ештеңе бермейді. Сол үшін әрқайсысы жұмыс істеуі керек. Әрине, көмектесу де керек. Мұның барлығын сауда арқылы, тауар айналымы арқылы немесе шекараларды аша отырып сауда үшін нарық ашу арқылы жасауға болады. Бірақ қайталап айтамын - әрбір мемлекет белгілі бір деңгейге жету керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы осыған дейін "МИР" телеарнасына берген сұхбатында ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі, ұйымның институционалдық дамуы және бұл үдерістерге Қазақстанның қосқан үлесі жөніндегі сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен НАТО-ның ұқсастығы жөнінде пікір білдіріп, бұл ұйымдардың сипаты мен құрылуындағы міндеттерінің айырмашылықтарына тоқталған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети