29 мамыр 2014 | 13:24

Еуразиялық экономикалық одақтың құжаттары орыс тілінде жазылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев

Еуразиялық экономикалық одақтың барлық құжаттары орыс тілінде жазылады. Бірақ оның барлығы бірден қатысушы мемлекеттердің тіліне аударылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың мәлімдемесіне сәлтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Еуразиялық экономикалық одақтың барлық құжаттары орыс тілінде жазылады. Бірақ оның барлығы бірден қатысушы мемлекеттердің тіліне аударылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың мәлімдемесіне сәлтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты даярлауда барлық тараптардың мүддесі ескерілді. "Шарт сауатты, теңестірілген, оған қатысушы мемлекеттердің барлығының мүдделерін есепке ала отырып жасалды. Ауқымды жұмыс атқарылды. Келіспеушіліктер де баршылық болғанымен, біз барлық тараптарды қанағаттандыратын ортақ консенсусқа келдік", - деді бүгін шағын құрамдағы кездесуден кейін Қазақстан Президенті. Келісімде әрбір мемлекеттің егемендік теңдігі, территориялық тұтастығы, сондай-ақ, одаққа қатысушы мемлекеттердің саяси құрылымын құрметтеу мәселелері қамтылған. Барлық шешімдер тең дәрежеде қабылданады.

Ал одақ аясындағы халықаралық келісімдер, комиссияның міндетті сипаттағы күші бар барлық шешімдері орыс тілінде жазылады. "Біз осылай келістік. Дегенмен, ондай құжаттар бірден тараптардың әрқайсысының мемлекеттік тілдеріне аударылатын болады. Сондықтан да тілдік принциптер бойынша да ешқандай кемсітушіліктер болмайды", - дейді Н.Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети