Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай қаржы реттеуші органы 2025 жылдан бастап жұмыс істейтін болады. Ал оның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Виктор Христенкоға сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай қаржы кеңістігін құру үшін алдымен үш елдің осы саладағы нормативтік-құқықтық базасын ретке келтіріп, бір-біріне сәйкес ету керек дегені пікір бар. Содан соң оны реттеу механизмі енгізіледі. Сарапшы мамандардың айтуынша, үш елдің қаржы кеңістігі бір-біріне барынша сәйкес болса, банктердің лицензиялары барлығына ортақ жүруі мүмкін. Бұл дегеніміз, Қазақстандағы коммерциялық банкке берілген лицензия Ресейдің қаржы институттары мойындайды. Сол сияқты Беларусьтың кез келген банкі Қазақстанға келіп, емін-еркін жұмыс істей алады.
Алайда Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай қаржы реттеуші органын енгізудің тағы бір жолы бар. Ол - одақтың Орталық банкін құру. Аталған құрылым үш елдің аумағында жұмыс істейтін банктерге лицензия беріп, қаржы саласындағы барлық жұмыстарды реттейді.