Бүгін Михаил Ломносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универсиетінде дәріс оқыған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық комиссияны Астанада шоғырландырудың себебін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздер білесіздер (Еуразиялық комиссияның мүшелері - авт.), мен барлық органдарды, оның ішінде Еуразиялық комиссияны да Қазақстанның елордасы - Астанада орналастыруды ұсынған болатынмын. Себебі Астана - бұл Еуразия құрлығының дәл ортасы. Бұл жерде ешқандай амбиция жоқ. Себебі біз оның үлкен салмақ екенін түсінеміз. Қазірдің өзінде онда 1500 адам жұмыс істейді. Бір жағынан олар кетсе, Мәскеуде адам да азаятын еді (күлді). Ал, шын мәнінде, қазір, біріншіден, барлық еуразиялық кеңістікті реттетудің тепе-теңдігін орнату қажет. Екіншіден, соның арқасында біз "Ресей көрпені өзіне тартып, Еуразиялық одақты өз ыңғайына қарай жасап жатыр, барлығы баяғы сол Мәскеу жақтан басқарылады" деген күдікті сейілте аламыз. Жарайды, Астана ұнамаса, Еуропа мен Азия түйісетін аймақтың бір қаласын алуға болады. Мәселен, Еділ мен Жайықтың бойындағы қалалар бар. Мен ол туралы 20 жыл бұрын айтқанмын. Біздің Ақтөбе мен Атырауымыз, я болмаса, Ресейдің Екатеринбургы да келеді. Дегенмен, бүгінде Астана оған коммуникациялар мен қызмет көрсету жағынан барынша дайын", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.