08 желтоқсан 2016 | 19:07

Еурокомиссия қазақстандық барлық әуе компанияларын "қара тізімнен" шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еурокомиссия барлық қазақстандық әуе компанияларын ЕО авиациялық қауіпсіздігінің "қара тізімінен" шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Еурокомиссия барлық қазақстандық әуе компанияларын ЕО авиациялық қауіпсіздігінің "қара тізімінен" шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тізім 8 желтоқсан күні жаңартылды. Ұйымның өкілдері Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік жағдайы жақсарғанын атап өтті. 

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "қара тізімге" "Эйр Астанадан" басқа, барлық әуе компаниялар кірген болатын.

"Аталған шешім Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеттің 2016 жылдың 23 қарашасында Брюссельде өткен отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Отырыс кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің делегациясы елдегі ұшу қауіпсіздігі жағдайы туралы ақпарат берді. Мұның алдында, ағымдағы жылдың 19-23 қыркүйек аралығында Еуропалық комиссия Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін қамтамассыз ету ісіне техникалық бағалау жүргізген. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан ИКАО стандарттарын нәтижелі ендіргені дәлелденді. ИКАО талаптарына сәйкесу деңгейі 65 пайыздан 74 пайызға жеткізілді, ал орташа еуропалық стандарт 76 пайыз", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Еске салайық, "Эйр Астана"  әуе компаниясы "қара тізімнен" 2015 жылдың желтоқсанында шығарылған еді. Оның ЕО аумағында қызмет көрсетуі 2009 жылы тоқтатылған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети