14 ақпан 2014 | 10:24

Euronews басшысы "Хабардың" тәуелсіз директоры болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майкл Питерс. Фото  euronews.com сайтынан алынды Майкл Питерс. Фото euronews.com сайтынан алынды

Euronews-тің Бас директоры Майкл Питерс Қазақстандағы ең ірі медиахолдинг болып есептелетін "Хабар" агенттігі АҚ-ның тәуелсіз директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Майкл Питерс агенттіктің қаңтардың 13-і күні өткен Директорлар кеңесінің кезекті жиынында таныстырылды. Майкл Питерс "Хабар" агенттігіне қызметке тартылған үшінші тәуелсіз директор. "Майкл Питерс секілді кәсіби деңгейі аса жоғары маманның компаниямызға қызметке келуін біз әрине құптаймыз.. Шынын айтқанда, телевидение күрмеуі көп сала болып табылады. Ал сол саланың шыңынан көрініп жүрген мамандар біздің елімізде саусақпен санарлықтай ғана. Питерс мырзаға біздің шақыртуымызды қабыл алғаны үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Оның 1993 жылдан бері үздіксіз даму үстінде болған Еuronews-те жинаған тәжірибесі мол", - деді "Хабар" агенттігі АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Айдос Үкібаев. Үкібаев мырзаның сөзіне қарағанда, "Хабар" агенттігі тәуелсіз директорларды қызметке тарту арқылы холдингтің корпоративті жүйесін жылдам, әрі сапалы түрде дамытуды алдына мақсат етіп қойып отыр. Майкл Питерс Германия және Франция азаматы болып табылады. Ол Euronews-те 1998-ші жылдан бері жұмыс істесе, 2000-шы жылдан бері басшылық қызметтерде. Атап айтқанда, Питерс мырза арнаның қаржы және басқарушы директоры, одан әрі Атқарушы кеңестің директоры, ал 2011-ші жылдан бастап Атқарушы кеңестің төрағасы болып қызмет етеді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети