Еуропада алғашқы ел COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандарды кіргізбейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропада алғашқы ел COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандарды кіргізбейтін болды MSC Grandiosa круиздік кемесінің Валлетт айлағынан шығуы. Сурет: ©REUTERS

Еуропадағы алғашқы ел COVID-19-ға қарсы вакцинациясыз келгендерді шекарадан өткізбеуді шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропадағы алғашқы ел COVID-19-ға қарсы вакцинациясыз келгендерді шекарадан өткізбеуді шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Мальта билігі 14 шілде, сәрсенбіден бастап елге кіретін барлық адамнан вакцинация сертификатын талап етеді. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Крис Ферн мәлімдеді.

Министр аралға келген кез келген адам Мальтада немесе Ұлыбританияда я ЕО-да берілген "вакцинация сертификатын" көрсетуі керегін мәлімдеді.

"Біз Еуропада осындай қадамға барған алғашқы ел боламыз", - деді Ферн.

Ал балалар елге коронавирус инфекциясына ПТР-тестінің теріс нәтижесімен келуі тиіс. 

Сонымен қатар, 14 шілдеден бастап елде ағылшын тілі мектептері жабылады. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, COVID-19 жағдайлары бүкіл ел бойынша осындай тоғыз мектепте анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети