17 ақпан 2014 | 12:35

Еуропалық одақ Қызылорда кәсіпкерлеріне көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nur.kz ©nur.kz

Еуропалық одақ Қызылорда облысы әкімдігімен әріптестік негізде өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсететін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аталмыш одақ қаржылай қолдау көрсететін «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының жетекшісі және өңірлік саясатты дамыту сарапшысы Ольга Бродерик бұл жобаның еліміз бойынша 3 облыста қолға алынғанын жеткізді. «Қазақстанның өңірлік даму» бағдарламасы ҚР Үкіметінің өңірлік даму саласындағы саясатын іске асыруда консультативтік, заңнамалық, стратегиялық және институционалдық технологиялармен қолдау көрсететін Еуропалық одақтың көмек жобасы болып табылады. Жоба жетекшісінің айтуынша, аталған жоба «ҚР жергілікті дамуының саясатына қолдау көрсету» деген атауға ие болған ынтымақтастық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. 2011 жылы Еуропалық одақ пен Қазақстан Үкіметі осы мақсатта қаржылық келісімге қол қойған еді. Ал жоба сарапшысы Анджей Шафернакер өңірлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өткір тұрғанын атап өтті. Облыс әкімдіктерімен біріге отырып, шағын кәсіпкерлікті тиімді дамыту жолдары таңдалады. Осының нәтижесінде өңір тұрғындарының жағдайын жақсару көзделген. Қызылорда облысы елімізде шағын және орта бизнесті дамыту жөнінен жоғары деңгейде емес. Анджей Шафернакер мұнда шағын және орта бизнесті дамытуға барлық мүмкіндік бар екенін атап өтті. Былтыр олар аймақта зерттеу жұмыстарын жүргізген. Олардың айтуынша, кәсіпкерлікті дамытуға бірқатар кедергілер бар. Атап айтқанда, олардың ішінде бастысы ретінде қағазбастылық, бюрократтық кедергілерді атауға болады. Сонымен қатар, бір кәсіпті дамытуға қатысты мамандар мен білікті азаматтар жетісе бермейді. Оған қоса қаржының аздығы да көп іске қолбайлау. Несиелендіру шарттарының ауырлығы да кері әсерін тигізеді. Бұдан басқа да проблема баршылық. Еуропалық одақтың қолдауымен жүзеге асырылатын жоба сондай кедергілерді азайтып, нәтижелі жұмыстарды жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл бағытта барлық қолдаулар көрсетіледі.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети