Еуропа кеңесінің сарапшылары Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін алғаш рет бағаламақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне сілтеме жасап.
Еуропа кеңесінің сарапшылары Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін алғаш рет бағаламақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне сілтеме жасап.
2021 жылдың наурызынан бастап сарапшылар қазақстандық заңнаманы зерделеген. Осы сапарда шетелдік бағалаушылар мемлекеттік орган өкілдерімен, ҮЕҰ, БАҚ және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Марат Ахметжанов сапардың бірінші күні әріптестеріне Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі туралы баяндады. Сондай-ақ, Бас прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп "Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімі", "Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі", "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" жүйелері және "Qamqor" ақпараттық сервисі таныстырылған.
Сарапшылардың қазақстандық заңнама мен практика ерекшеліктерін неғұрлым толық түсінуін қамтамасыз ету үшін Парламент, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктер, Есеп комитеті, Жоғарғы Сот, Бас Прокуратура, әділет, қаржы, ішкі істер министрліктері және әкімдіктердің қатысуы ұйымдастырылды.
Кездесулер барысында алынған ақпаратты қорыту нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру жөніндегі ұсынымдармен қоса бағалау есебі жасалады.
Ұсынымдар тізбесі 2022 жылдың наурызында ГРЕКО-ның пленарлық отырысында бекітіледі. Оны орындау үшін біздің елге 18 ай беріледі.
Ұсынымдарды сапалы орындау Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясын және бірқатар басқа да маңызды халықаралық шартын ратификациялауға жол ашады.
Оларға қосылу қылмыскерлерді экстрадициялау және шетелге шығарылған активтерді қайтару бөлігінде шетелдік әріптестермен неғұрлым тиімді ынтымақтасуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Қазақстанға 2021 жылғы 7-10 қыркүйек аралығында бағалау мониторингінің 1-2 раунды аясында ГРЕКО бағалау тобы алғашқы сапармен келгені хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!