ЕҰУ-ды ректордың жұбайы тексере ме? Депутаттар аккредитацияның әділдігіне күмән келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕҰУ-ды ректордың жұбайы тексере ме? Депутаттар аккредитацияның әділдігіне күмән келтірді Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде ондаған миллиард теңгеге заңбұзушылықтар қордаланып қалғанын, ал жоғары оқу орындарын аккредиттеудің өзі бірқатар жағдайда мүдделер қақтығысына байланысты күмән тудыратынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде ондаған миллиард теңгеге заңбұзушылықтар қордаланып қалғанын, ал жоғары оқу орындарын аккредиттеудің өзі бірқатар жағдайда мүдделер қақтығысына байланысты күмән тудыратынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет сағатында Базарбек білім беру саласында деректер базасы мен мемлекеттік жүйелер арасында әлі күнге дейін тиісті байланыс жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, осы себепті мемлекет студенттерді, гранттардың қозғалысын және бюджет қаражатының жұмсалуын автоматты режимде бақылай алмайды. Соның салдарынан қосарланған қаржыландыруға, оқудан шығарылған студенттер үшін төлем жасауға және басқа да схемаларға жол ашылып отыр.

Депутаттың айтуынша, бұл жерде жекелеген ақау емес, ірі шығындар туралы сөз болып отыр. Ол жүйедегі қаржылық заң бұзушылықтар 4,4 миллиард теңгені, тиімсіз пайдалану – 12,6 миллиардты, бюджет шығындары мен жіберіп алынған пайда тағы 1,5 миллиардты құрағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, оның сөзінше, тағы 30,3 миллиард теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған.

Базарбек жоғары оқу орындарын аккредиттеуді жеке мәселе ретінде атап өтті – бұл білім сапасын растауы тиіс процедура, бірақ оның айтуынша, ол жиі формальды түрде және нақты бақылаусыз өтеді.

Депутаттың басты наразылығы – мүдделер қақтығысының болуы мүмкін екендігі, яғни университеттерді олармен байланысты құрылымдардың тексеруі.

"ЕҰУ "АРҚА" аккредиттеу агенттігімен мүдделер қақтығысы жағдайында келісімшарт жасасқан. Агенттік университетті аккредиттеуден өткізеді, бұл ретте "АРҚА" аккредиттеу кеңесінің құрамында Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының жұбайы бар-мыс. Осындай аккредиттеуге сене аламыз ба?" – деді Базарбек.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлар жоғары оқу орындарын тәуелсіз тексерудің мән-мағынасына күмән келтіреді.

"Көптеген процедуралық заңбұзушылық мүдделер қақтығысымен байланысты. Үлестес фирмаларға лобби жасау қалыпты жағдайға айналып барады, ал аккредиттеу жиі формальды сипатта болып, тиісті бақылаусыз жүргізіледі", - деп атап өтті ол.

Базарбек аккредиттеу жүйесін ашық етуге және одан кез келген үлестес байланыстарды алып тастауға шақырды.

Тағы оқыңыз: “Кім лобби жасап отыр?“ Депутат министрге өткір сұрақ қойды

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 460.8   543.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер