EXPO-2017 аумағында опырылған құрылыс бөлігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ өкілдеріне сілтеме жасап.
EXPO-2017 аумағында опырылған құрылыс бөлігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ өкілдеріне сілтеме жасап.
"ЭКСПО аумағында екі павильон арасында орналасқан декоратив көпір құрылысының опырылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл сапасыз құрылыс. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс өндіріске жіберілу үшін ІІМ Тергеу департаментіне тапсырылды. Қазір барлығы басшылықтың бақылауында", - деді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
Еске салайық, осыған дейін Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігінің опырылғаны хабарланған болатын. Төтенше жағдай 16 қарашада болған. Ал кейінірек BI Group компаниясы EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, BI Group өкілдері құрастырманың бір ай ішінде жөнделетінін мәлімдеген болатын.