14 наурыз 2014 | 14:40

EXPO-2017 бас мердігері әлі анықталған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

EXPO-2017 бас мердігері әлі анықталған жоқ, бұл туралы "Астана EXPO-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Бас мердігерді анықтау мәселесі әлі шешілген жоқ. Жұмыс көлемі өте үлкен, яғни бір ғана мердігердің болуы мүмкін емес. Үш-төрт бас мердігер болады деп ойлаймын", - деді Талғат Ермегияев. Өз кезегінде Көрмелердің халықаралық бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес EXPO-2017 үшін тұрғызылатын ғимараттардың сыртқы келбетіне ұлттық элементтер қосылатынын атап өтті. "EXPO-2017-нің ұлттық сипаты болады. Біз техникалық сипаттағы бірқатар мәселе бойынша жұмыс істейміз. Тіркеу құжаттамасында болған нәрселердің бәрін қарастырамыз немесе бейімдейміз", - Лоссерталес. Ол ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовпен кездескенін айтты. "Мен бекітілген мастер-жоспарға сай болуы үшін сәулет шешімдері бойынша бірқатар өзгеріс жасау керектігін айттым. Бұл жоспар мазмұны жағынан өте маңызды. Қазақстан павильоны - бұл жай ғана тақырыптық павильон емес, ол қуат көздерінің жаңа ресурстарымен бірге елдің мәдениетін, тарихы мен өнерін қозғауы тиіс. (...) Жуық арада біз Қазақстан павильоны жөніндегі тұжырымдамаға қатысты пікірталастарды күтетін боламыз", - деді Көрмелердің халықаралық бюросының бас хатшысы.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети