EXPO-2017 экс-басқарушы директоры 17 қазанға дейін қамауда болады

© Expo2017astana.com

EXPO-2017 бұрынғы басқарушы директоры 17 қазанға дейін үй қамауында болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"№2 Алматы аудандық соты ҚР ҚК-нің 176 бабының 4-бөлігінің "б" тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған Суламбек Баркинхоевқа қатысты бұлтарпау шарасының мерзімін ұзартуға байланысты тергеушінің өтінішін қанағаттандырды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Суламбек Баркинхоевты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 4 айға дейін, яғни 2015 жылдың 17 қазанына дейін ұзартылды.

Реклама
Реклама

"Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевтың қамауға алынғаны жайлы биылғы маусымда белгілі болды. Сол кезде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі оның "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ қызметкерлеріне қатысты 214 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі тергеу жұмыстары аясында ұсталғанын хабарлады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама