Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

EXPO-2017 басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев ұсталды

19 Маусым 2015, 18:27
4
Суламбек Баркинхоев. © еxpo2017astana.com
Суламбек Баркинхоев. © еxpo2017astana.com

"Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ЭКСПО"АҚ қызметкерлеріне қатысты 214 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі тергеу жұмыстары аясында басқарушы директор Баркинхоев қамауға алынды", - делінген агенттік хабарламасында.

Іс бойынша бес адам жауапкершілікке тартылып жатыр, оның ішінде ұйымның басшысы да бар. Ведомствоның хабарлауынша, тергеу амалдарын толық әрі объективті жүргізу үшін тиісті шаралардың барлығы қолданылып жатыр.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шіпекбаевтің айтуынша, тексеріс жұмыстары құрылыстың жүруіне кедергі келтірмейді.

"Агенттік Қарағанды облысы әкімдігінің бұрынғы басшысының 2 миллиард теңгеден астам, Алматы қаржы полициясының бұрынғы басшысы 48,1 миллиард ақша жымқырғанын анықтады. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басшыларының нақты қанша ақша жымқырғаны анықталып жатыр", - деді Шіпекбаев.

Еске сала кетейік, 11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет Басшысының Өкімімен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. Өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Бұл қызметке Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келді. Ермегияев қызметінен босатылғаннан екі күн өткеннен оның қамауға алынғаны белгілі болды. Оның мүліктеріне тыйым салынды.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай