Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Талғат Ермегияевтің мүлкіне тыйым салынды

18 Маусым 2015, 13:25
0
Талғат Ермегияев. ©Tengrinews.kz
Талғат Ермегияев. ©Tengrinews.kz

Сот Талғат Ермегияевтің мүлкіне тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасады.

"2015 жылдың 18 маусымында Астананың №2 Алматы аудандық сотына Талғат Ермегияевтің мүлкіне, нақтырақ айтсақ, "Са-Бек" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "ТКМ" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "Глобус Алматы" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз); "ХОЗУ-Транс" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 100 пайыз); "Рахат-АВТО" (іскерлік қатысу үлесі - 18 пайыз); "Глобус Астана" ЖШС-на (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз) тыйым салуды санкциялау туралы өтініш келіп түсті", - делінген хабарламада. Сот күдіктінің ҚР ҚК 176-бабының 4-бөлімінің "б" пункті бойынша сотталатын жағдайда мүлкін тәркілеу мүмкіндігі мақсатында өтінішті қанағаттандырды. 

12 маусымда Астананың №2 Алматы аудандық соты ҚР ҚК 176-бабы, 4-бөлімінің "б" пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") бойынша бөтеннің мүлкін пайдаланды деген күдікпен Талғат Ермегиевті қамауға алу туралы қаулы шығарды. "Астана ЭКСПО-2017" бұрынғы басшысы қызметін пайдалана отырып, бөтеннің мүлкін бірнеше рет пайдаланғаны үшін айыпталып отыр.

Еске сала кетейік, 11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет Басшысының Өкімімен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. Өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Бұл қызметке Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келді. Ермегияев қызметінен босатылғаннан екі күн өткеннен оның қамауға алынғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Астана соты "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновке қатысты Астана прокуратурасымен келісілген және сотқа дейінгі тергеу органының таңдаған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдаған болатын. Үсеновке бюджеттен 214 000 000 теңгені жымқырды және аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келді.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай