10 мамыр 2017 | 14:35

EXPO-2017. Ең ірі жобаның ашылуына бір ай қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

10 маусымда Астанада халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі өз жұмысын бастайды. Көрме кешенінің құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталды. Tengrinews.kz тілшілері елдегі ең ірі жобаның ашылуға бір ай қалғандағы қалпымен танысты. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

10 маусымда Астанада халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі өз жұмысын бастайды. Көрме кешенінің құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталды. Tengrinews.kz тілшілері елдегі ең ірі жобаның ашылуға бір ай қалғандағы қалпымен танысты. 

Бес жыл бұрын 161 елдің өкілі жасырын дауыс беру арқылы 2017 жылы мамандандырылған көрмені Астанада өткізуді қолдаған. Кейінірек ұлттық компания көрме кешенінің жобасын таңдаумен айналысты. Соңында кешен орталығында сферасы бар жоба жеңіп шықты. 

Дәстүрлі түрде құрылыс нысаны көрме символы болып табылады. 1889 жылы көрмеде Париждегі Эйфель мұнарасы болды, ал 2017 жылы - ұлттық павильонның сферасы болмақшы. 

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ өкілдерінің айтуынша, осы конструкция күн сәулесінен қуат алып, оны электр қуатына айналдырады. Сфераның үстінде екі желайдағыш генераторлар орнатылады. 

Павильонның іші мамандандырылған көрме стилінде - футуристтік дизайн болады. 

"Бүгінде 20 нысанның 18-і аяқталды. Екі нысанда жұмыс жүріп жатыр - бұлар Конгресс-орталық пен қонақүй", - деді Ахметжан Есімов. 

"Бізге заманауи технологияларды көбірек пайдалану қажет, шет елден келетін көрме қонақтарына көрсетуіміз қажет", - деді Мемлекет басшысы. 

Қатысушы елдердің тулары ілініп тұрады. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ мәліметінше, халықаралық рейстермен 310 мың шетелдік азаматтар келеді. Көрме басталған уақытта министрлік қосымша рейстерді қосуды көздеп отыр. Польша, Венгрия, Финляндия және Қытайдан аптасына 11 рейс келіп тұрады. 

Түнгі уақытта сфераның түсі өзгереді. Кейінірек, ұйымдастырушылардың уәдесі бойынша, сфераның үстінде жарық шоулар ұйымдастырылады. 


Павильондардан бөлек, көрме аумағында ашық аспан астында конгрес-хол мен амфитеатр жұмыс істейді.

EXPO-2017 көрмесін белгіленген күні көру үшін 4 мың теңге болады, ал демалыстарда - 6 мың. Мерзімі шексіз билеттер 8 мың тұрады. Билеттерді қайдан алуға болатынын және толық мағлұмат алу үшін мына жерді басыңыз. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer