EXPO-2017 қонақтарына арналған демалыс және ойын-сауық орындары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте туризм саласын дамыту мәселелерін талқылау барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

"Біз EXPO-2017 көрмесіне келетін туристер үшін бірнеше туристік өнім ұсынамыз. Қорғалжын, Бурабай, Баянауыл аймақтарына сапардан бастап, басқа да орындар бар. Астанада да жаңа туристік өнімдер анықталады. 2017 жылға дейін жаңа нысандар тұрғызылады", - деді Әсет Исекешев.
Астанадағы жаңа туристік нысанның мысалы ретінде ол құрылысы 2016 жылдың соңында аяқталатын "Әбу Даби Плаза" ғимаратын атады. "Бұл - ТМД-дағы 75 қабаттық ең биік ғимарат, сонымен бірге EXPO көрмесін өткізу аймағында Астанада басқа да қызықты нысандар болады", - деді вице-премьер әрі министр.
Бүгін Парламенттің төменгі палатасында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Үкімет Қазақстандағы демалыс орындарына тегін жолдама беруге балама тапқанын айтты. Ол - жұмыс берушілер есебінен демалу. Сондай-ақ Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда көлдерді тазарту үшін триллион теңгеден астам қаражат бөлінетінін хабарлады.
Еске салайық, жуырда Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтері орналасқан Парижде Қазақстан EXPO-2017 көрмесінің қожайыны деп ресми түрде танылған болатын. Бұл рәсім Астанада жоба құрылысының қарқынды түрде қолға алынатынын және көрмеге шетелдіктерді шақырудың басталатынын білдіреді.