Астанадағылар EXPO-2017 халықаралық көрмесінің қонақтарына дәретхана жетпей қала ма деп қауіптенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағылар EXPO-2017 халықаралық көрмесінің қонақтарына дәретхана жетпей қала ма деп қауіптенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шынымды айтсам, бізде көрме кезінде дәретхана жеткілікті бола ма, жоқ па білмеймін. Өздеріңіз де білесізде, бұл біздің қалада бәле. Сіздер білесіздер, қалада өткізілетін кез келген шарада биодәретханалар қойылады. Бүгінгі таңда бізде қалыпты жағдайдағы 200 биодәретхана бар. Егер қонақтар қаптап келетін болса, олар да тап сол ауданды қамти алмайды. Менің ойымша, биодәретханалар қажет болады, себебі көрме барысында шаралар алаңдар мен саябақтарда да өтеді", - деп өз ойын айтты Үйлестіру комиссиясының бірінші отырысында Астананың тұтынушылар құқығын қорғау департамент директорының орынбасары Федор Пеев.
Оның айтуынша, EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтетін кезде қалаға қосымша дәретханалар қою керек болады. "Сондықтан қосымша биодәретханаларды сатып алу мен стационар дәретханаларды орнату туралы мәселені қала әкімдігі арқылы, оның көрші елдерде қалай жасалатыны туралы талқылау керек. Ол ақылы болсын. Ол үшін ақы төлеу керек, осы мәселелерді қарап шығып, талқылау қажет", - деді Пеев.
Ол сонымен қатар, қоқыстың да көп болатынын айта кетті. Сондықтан, оның ойынша, аудандық әкімдік пен тиісті басқармаларға тұрмыстық қалдықтарды уақытында шығару мәселесін алдын ала қарастыру керек.
Тағы бір шешілмеген мәселе ретінде Пеев ас әзірлейтін және өзге де қызмет саласындағылардың қолдан жасалған санитарлық кітапшаларын атады. "Медициналық тексеруден өту - қаладағы "номер бірінші" мәселе. Декреттелген контингент жетерлік, олар халыққа қызмет көрсетеді, алайда санитарлық кітапшалары қолдан жасалған, оны белгілі бір сомаға сатып алады. Бұл мәселе көрме өтетін кезең үшін аса маңызды. Бұл жерде медициналық тексеруден өту керек болады, көрмеде қызмет көрсететін еріктілер де, көрме өтетін кезеңде нысандарда қызмет етіп, сол жерде жүретін қызметкерлер де", - деді ол.
Өз кезегінде Астананың тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің директоры Нұрлыбек Асылбеков БАҚ өкілдеріне EXPO-2017 кезінде әуежай мен вокзалда бақылаудың күшейетінін мәлімдеді.